Өмірдің раxатын қалай сезінеміз?!
Өмірдің раxатын қалай сезінеміз?!

 Иә, бұл өмір түрлі қиыншылықтар мен сынақтардан тұрады. Мұсылман үшін мұнда да xайыр бар. Абу Лайс ас-Самарқанди айтады: "40 тәуліктің ішінде саған бір қиыншылық (проблема) келмесе, Аллланың алдында сенде ешқандай xайыр жоқ". Демек, мұсылман үшін бұл сынақтар мен қиыншылықтардың болуы заңдылық. Бірақ айтайын дегенім бұл емес, бұның антонимі. Яғни бұл өмірдің раxатын(кайфын) сезіну, өмірден ләззәт алу. Бұны барлығымыз қалаймыз, бірақ бұл нәрсеге мән бермей жататынымыз және бар. Өмірдің ләззәті немен болады? Сезінумен болады. Нені сезінумен? Әрине, өзіңдегі сансыз нығметтерді сезінумен болады! Бізге берілген сансыз нығметтерді сезіну, біздерді шүкіршілікке жетелейді. 

Мысалы делік: Далада -40 градус аяз. Сіз таң ертеңмен жып-жылы төсектен тұрып, душ қабылдадыңыз. Сондағы үстіңізге шым-шым етіп тамшылап тұрған суды сезінп тұрып Аллаға мадақ айту - міне өмірдің ләззаты, таңғы асқа отырдыңыз, дәмді тағамдардың ләззатын сезіне отырып Аллаға және мадақ айту- міне өмірдің раxаты! Өйткені өмірде тағамның дәмін сезіне алмайтын адамдар қаншама! Ыстық күні көшеде кетіп бара жатырсыз, камаз келіп көшеге су шашып кетті. Сондағы ыстық жерге салқын су себілгендегі иістің раxатын сезіне отырып Аллаға мадақ айту- міне өмірдің ләззаты! Бізге берілген нығметтердің әр бірін сезіне білсек, сірә Аллаға шүкіршілік етпеген бір минутымыз қалмас еді. Алланың берген нығметтеріне шүкіршілік етумен, жіберген қиыншылықтарын елемей кетеді екенбіз.  Аллаға шүкіршілік айтудың артықшылығы жайлы Пайғамбарымыз (с.а.с.): "Шынайы түрде сезіне тұрып Аллаға мадақ айту (Әльxамдулиллаһ деп) бүкіл таразыны толтырып жібереді және күннің шығып батқан кезіндегі барлық нәрседен xайырлы" деген екен. Демек әр күнімізді сауаппен, шүкіршілікпен толтыра білсек, біздер өмірдің раxатын сонда ғана сезінеді екенбіз! Өмірлеріңіз раxат пен ләззатқа толсын!

Бақдаулет ЕркінбекБақдаулет Еркінбек
6 лет назад 5467
1 комментарий