Өмірдің раxатын қалай сезінеміз?!
Иә, бұл өмір түрлі қиыншылықтар мен сынақтардан тұрады. Мұсылман үшін мұнда да xайыр бар. Абу Лайс ас-Самарқанди айтады: "40 тәуліктің ішінде саған бір қиыншылық (проблема) келмесе, Аллланың алдында сенде ешқандай xайыр жоқ". Демек, мұсылман үшін бұл сынақтар мен қиыншылықтардың болуы заңдылық. Бірақ айтайын дегенім бұл емес, бұның антонимі. Яғни бұл өмірдің раxатын(кайфын) сезіну, өмірден ләззәт алу. Бұны барлығымыз қалаймыз, бірақ бұл нәрсеге мән бермей жататынымыз және бар. Өмірдің ләззәті немен болады? Сезінумен болады. Нені сезінумен? Әрине, өзіңдегі сансыз нығметтерді сезінумен болады!...