Берекеміздің кілті неде?
Берекеміздің кілті неде?

Мәулана Жалалуддин Руми xазіреттерінен сұрапты:

 

Неге қойлар жиі қолданыста және құрбан болып сойылуына қарамастан тұқымы жоқ болып кетпейді? Керісінше көбейгені-көбейген. Дегенмен, қойлар жылына бір немесе екі мәрте бірден кейді екіден туады. Бірақ иттер құрбан болып сойылмаса да бірден онға дейір балаласада көбеймейді?

 

Мәулана былай деп жауап берді:

 

Таңға жақын уақыт ең берекелі уақыт. Бұл уақытта қойлар еш ұйықтамайды. Әрдайым ояу болады.

Ал иттер болса түнімен серуендеп, дәл осы уақытта ұйықтап қалып, ғаплетте болады.

Қойлар таң берекесімен берекеттенеді. Иттер болса бұл берекеттен мақрұм қалады. Сол үшін қойлардың көбейгені-көбейген. Ендеше рызқыңыздың кең және берекелі болғанын қаласаңыз, саxар уақытында ояу болыңыз.

береке, несібе, қой, ит, Руми, Маулана, ризық, Берекенің кілті неде?
Бақдаулет ЕркінбекБақдаулет Еркінбек
6 жыл бұрын 5018
0 пікір
Блог туралы